Skip to content

Республикалық «Жұлдызай» шығармашылық фестиваль байқауы.

Республикалық «Жұлдызай» шығармашылық фестиваль байқауының облыстық іріктеу кезеңіне ерекше білімді қажет ететін, мүгедектігі бар 3 оқушыны «Вокал», «Аспаптық орындау» (домбыра) номинациялары бойынша қатыстырдым. Олар: Қанат Ырысбек Жанатұлы 5 «Б» класс оқушысы, Нұрсақи Айдос Төреғалиұлы 5 «Б» класс оқушысы, Таулбаева Жасмин Жомартқызы 5 «Б» класс оқушысы. Нәтижесінде аталған оқушылар «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңінен жүлделі I-орынға ие болып, жұмыстары облыстық кезеңге жолданды. Облыстық кезеңнен 5 «Б» класс оқушысы Таулбаева Жасмин Жомартқызы «Аспаптық орындау» (домбыра) номинациясы бойынша жүлделі I-орынға ие болып Республикалық кезеңге жолдама алды. Ал, 5 «Б» класс оқушылары Қанат Ырысбек Жанатұлы, Нұрсақи Айдос Төреғалиұлына Республикалық «Жұлдызай» шығармашылық фестиваль байқауының облыстық кезеңіне қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *