10 желтоқсан күні Есет батыр атындағы мектеп-бақшада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы жұмыс жоспарына сәйкес «Отан – отбасынан басталады» тақырыбындағы ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» өтті. Ата-аналар балаларының білімдерін бақылап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мектеп өмірімен кеңінен танысты. Әрбір пән мұғалімдерімен жекелей кездесіп, балаларының білім мен тәрбие үрдісіндегі жетістіктері мен олқылықтары жайлы тиімді әрі нақты ақпарат алды. Ашық есік күні бағдарламасына сәйкес ата-аналарға пікірсайыс және көңілді эстафета ұйымдастырылды. Ашық есік күні мектеп оқушыларының дайындаған шағын концерттік бағдарламамен аяқталды. Іс-шара соңында ата-аналар бүгінгі күннен алған әсерлерімен, пікірлерімен бөлісті. Атаулы іс-шараның ұйымдастырылуы ата-ана тарапынан қолдау тапқандығы ойбөлісте байқалды. Мектеп директоры Айнұр Төремырзақызы тәрбиенің қайнар бұлағы отбасынан басталатындығын айтып, ата-аналарды бірлікте жұмыс жасауға шақырды және іс-шараға қатысқан ата-аналарға алғысын білдірді.