Skip to content

Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі

Мектебімізде жоспарға сай директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Р.Синина, А.Кужабаева, ұйымдастырушы-педагог Н.Қоңыратбаеваның ұйымдастыруымен Даналық мектебі “Әжелер секциясы” бойынша “Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі” тақырыбында әжелермен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара мақсаты: әжелер мектебі арқылы қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету.
Кездесу барысында әжелеріміз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың бала тәрбиесіне қаншалықты ықпалы бар, қай кезде қолдануға болатыны туралы әңгімелеп берді. Әжелеріміз ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.

Бибіғатша әже, Жұмагүл әже қонақта
Бибіғатша әже ұршық үйіріп үйретті
Әжелеріміздің ақ батасымен әдемі кездесу аяқталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *