Мектебімізде жоспарға сай директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Р.Синина, А.Кужабаева, ұйымдастырушы-педагог Н.Қоңыратбаеваның ұйымдастыруымен Даналық мектебі “Әжелер секциясы” бойынша “Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі” тақырыбында әжелермен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара мақсаты: әжелер мектебі арқылы қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету.
Кездесу барысында әжелеріміз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың бала тәрбиесіне қаншалықты ықпалы бар, қай кезде қолдануға болатыны туралы әңгімелеп берді. Әжелеріміз ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.