Skip to content

Нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікке қарсы диктант, сауалнамалар алынды, жаднама таратылды.

«Наркобекет» жұмысының жылдық жоспарына сәйкес наурыз айында 8-11 класс оқушыларынан нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікке қарсы диктант, сауалнамалар алынды. Сауалнаманың мақсаты: оқушылардың арасында зиянды әдеттерге әуестігін, нашақорлық, темекі шегу, ішімдіктің зияндары жайлы қаншалықты хабардар екенін зерттеу. Сауалнама қорытындысы бойынша: оқушылардың барлығы зиянды заттардың адам өміріне қауіпті екендігін жақсы білетіндігі анықталды. Оқушылар өміріне қауіп келтіретін зиянды заттардан бойларын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанатындығы сауалнама барысында көрінді. Сонымен қатар оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болуға және оның қандай зияны бар екенін түсіндіру мақсатында жаднама таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *