Skip to content

«Отбасым – бақыт мекенім»

Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспарына сәйкес Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында 5-6 кластарға сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасы деген қоғамның маңыздылығын түсіндіру. Сабақ барысында оқушыларға отбасы туралы сұрақтар қойылды, «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында постер қорғады, логикалық сұрақтар қойылды, «Менің анам – ол…» кестесі таратылды, ребустар шешті, отбастарына тілектерін жазып «Тілек ағашы»-на ілді. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ шешіп, бақытты отбасы үлгісі тақырыбында видеоролик көрсетілді. Өткізген: әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбет, мектеп психологы А.М.Нургалиева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған