Skip to content

Рейд бойынша өгей ата-анасында тәрбиеленіп отырған оқушылардың үйлерін аралау.

Рейд бойынша өгей ата-анасында тәрбиеленіп отырған оқушылардың үйлеріне әлеуметтік педагог, класс жетекшісі, мектеп психологы барып материалдық-тұрмыстық акт жасалды. Акт жасау барысында ешқандай қиыншылықтар кездеспеді. Мектеп – бақша бойынша өгей ата-анамен тұратын 3 оқушы бар. 2 қыз бала, 1 ер бала. Оның 2 оқушысы өгей әкемен, 1 өгей анамен тұрады. Оқушылар өгей ата-ана тарапынан ешқандай қысым көріп отырған жоқ. Бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы, зиянды қылықтардан аулақ. Өзара сыйластықта. Сонымен қатар қамқорлықтағы оқушының, үйде оқытылатын оқушының үйлеріне барып тұрмыс жағдайы қаралды. Оқушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайлары жақсы, қанағаттанарлық деп танылды. Күнделікті тұрмысқа қажетті жиhаздармен жабдықталған. Үйлердің тазалық жағдайы: санитарлық-гигиеналық талаптарға сай. Кейбір үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, дегенмен үйдің іші жылы, жайлы. Үйлерде барлық жағдай жасалған. Отбасының психологиялық климаты, материалдық ахуалы, бала тәрбиесіне деген көзқарасы жақсы. Ата-аналары мектеппен үнемі байланыс жасап отырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған