Перейти к содержимому

«Зиянды әдеттер және құқық бұзушылық»

«Наркобекет» жұмысының жылдық жоспарына сәйкес «Зиянды әдеттер және құқық бұзушылық» тақырыбында 9-11 класс оқушыларына учаскелік полиция инспекторы С.Қ.Камарадинмен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтарымен, міндеттерімен таныстыру.
Осы орайда әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбеттің ұйымдастыруымен орта буын оқушылары «Дәрігерге шағым» көрінісін сахналауға қатысты. Көріністің мақсаты: оқушыларға зиянды әдеттердің (шылым шегу, ішімдік, нашақорлық) адам денсаулығына тигізетін кері әсерін көрсету, олардан аулақ болып, салауатты өмір салтын сақтауға шақыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *