14.02.2024 жылы әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбет және мектеп психологы А.М.Нургалиеваның ұйымдастыруымен «Тәуекел» тобындағы оқушыларға «Шылым шегудің адамзат өміріне зияны» тақырыбында лекция сабағы өткізілді. Лекцияның мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Сабақ барысында оқушыларға шылым шегу – көптеген аурулардың дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылатыны жайлы, темекі түтінінің құрамындағы адам ағзасына өте зиянды химиялық қосылыстар туралы, темекі шегудің ағзаға әсері, тәуелділіктің қалыптасуы, әлеуметтік-психологиялық себептер, шылым шегудің әйел адамға зияны қандай екені, шылым тартпайтындар мен тартатындардың денсаулығының айырмашылығы, бұл жаман әдетті қалай тастауға болатыны жайлы наркологтардың берген ұсыныстары, сонымен бірге шылым шегу туралы қызықты деректер де айтылды. Оқушыларға тақырыпқа байланысты ситуациялық сұрақтар қойылды.