29.02.2024 жылы 4 «А» класында ата-аналар жиналысына қатыстым. Жиналыс жоғары деңгейде өтті. Әртүрлі қызықты тренингтер, сұрақ-жауап, оқушылардың аналарына жазған хаттары, аналарының балаларына арнаған тілектері, «Сіз ең үлгілі ата-анасыз!» ойыны өткізілді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбет «Сіз жақсы ата-анасыз ба?» тақырыбында ата-аналардан сауалнама алды. Сауалнама мақсаты: ата-ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу. Қорытындылай келе, жалпы ата-аналардың балаларына деген қарым-қатынастары жақсы екендігі анықталды.