11.04.2024 жылы «Жақсылық – жан шуағы» тақырыбында ерекше оқытуды қажет ететін оқушылармен жақсылық сабақтары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру. Оқушыларды жақсылыққа жеткізетін ізгі істерге, әдептілікке, қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу. Оқушыларға жақсылық туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу үшін карточкалар берілді. «Адасқан әріптер», «Кім жылдам?», «Суреттер сөйлейді» ойындары ойнатылды. Жақсылық туралы ғибратты оқиға видеоролигі көрсетілді. «Жүректен-жүрекке» жаттығуы өткізілді.